«Агенттіктің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облыстық департаменттері ҚР Қорғаныс министрлігі Десанттық-шабуылдаушы бригадасы №32363 әскери бөлімінің командирі мен оның тыл жөніндегі орынбасарын әшкереледі. Олар аталған әскери бөлімнің жеке құрамын тамақтандыру қызметін көрсету кәсіпкерлік қызметтіжүзеге асыру барысындағы жалпы қамқорлықтары үшін ЖШС өкілінен 1 млн теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр», - деді Данияр Ақуан.
12:23, 30 Сәуір 2020
Алматы облысында әскери бөлім командирі пара алу күдігіне ілікті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Десанттық-шабуылдаушы бригада №32363 әскери бөлімінің командирі пара алу күдігімен ұсталды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департамент басшысының орынбасары Данияр Ақуан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.