Алматы облысында аспирин ішіп өлмек болған оқушының жағдайы қалай

Фото:
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат- Алматы облысында бір қорап аспирин ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдай белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық білім басқармасы мәлім еткендей, аталған жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған.

Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.

«Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру», - деп атап өтті басқармадан.

Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

«Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болғанын хабарлаған едік.