Алматы облыстық білім басқармасы мәлім еткендей, аталған жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған.
Олар тиісті талдау жасап, зерттеу жүргізеді. Сонымен қоса барлық мектепте профилактикалық жұмыс қолға алынған.
«Мақсат - оқушыларға қауіпсіз әрі ыңғайлы орта құрып, сапалы білім беру», - деп атап өтті басқармадан.
Ведомство өкілдері қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты екенін айтты.
«Бала бүгін сабаққа қатысты. Онымен мектеп мұғалімдері, психологтар, мейірбике жұмыс істеп жатыр»,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін Алматы облысында бастауыш сынып оқушысы бір қорап дәрі ішіп, өмірімен қоштаспақ болғанын хабарлаған едік.