«ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казақавтожол« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 20 қаңтар күні сағат 22:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, қар, жаңбыр) байланысты «Алматы - Өскемен« автожолының 480-564 шақырым аралығы (Қабанбай ауылы - Жанама ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды»,- деліген облыстың ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Алматы - Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөз қаласы мен Жарма ауданы Қалбатау ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшінжабылған болатын.