Алматы облысында аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті Алакөл аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Н.Артықбаевты ұстады.

Н.Артықбаев  бопсалау арқылы жеке тұлғадан Үшарал қаласында жер учаскесін алу бойынша құжаттарды рәсімдеуді жеделдету үшін 150 000 теңге  көлемінде пара алғаны анықталды.

Қазір Артықбаев Н. Алакөл аудандық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.