«Баптап өсірілген марихуана күдіктінің бақшасынан табылған. Полицейлер жалпы салмағы 16 килограмм болатын 22 түп марихуананы қазып алып, тәркіледі. Қазіргі уақытта тыйым салынған өсімдікті өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Облыстық полицияның ақпараты бойынша, биыл облыста марихуана өсірудің 7 фактісі анықталған. Аталмыш фактілер бойынша Қарасай, Көксу, Ескелді аудандарының және Текелі қаласының тұрғындары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.