Балқаш АІІБ кезекшілік бөліміне аудандық ауруханаға жеткізілген 51 жастағы ер адам қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оған ішіне пневатикалық қарудан оқ тиген.
Полицейлер қайтыс болған адамның көршісін ұстап, «Cricket» пневматикалық винтовкасын тәркіледі. Еріккен ер адам өз ауласындағы бақшада жүріп, қарғаларды атқан. Кездейсоқ тиген оқ көршісін жаралаған, зардап шеккен адам ауырсынып, жедел жәрдем шақырған.
Қазіргі кезде тәркіленген винтовка ҚР ҚК 101-бабымен - «Абайсызда өлімге соқтыру» бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді.