Алматы облысында «Ауылым - алтын бесігім» форумы өтті

None
ТАЛДЫҚОРҒАН.  Қарашаның 17-сі.  ҚазАқпарат /Сандугаш Дуйсенова/  - Талдықорғанда  «Ауылым - алтын бесігім»  облыстық форумы  өтіп,  онда  Алматы   облысының   барлық  елді мекендерінде  құрылған  қоғамдық келісімді  қолдау  жөніндегі  үшжақты  топтардың  бірінші    жұмыс  жылының қорытындылары   қаралды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен   хабарлағандай,  үшжақты  топтардың  жергілікті әкімшіліктен   тағайындалған жетекшісі,  учаскелік  инспектор мен    этномәдени бірлестіктің    төрағасы      жыл бойы     халықпен кездесіп,      олардың арасында түсіндіру  және    алдын алу  жұмыстарын   жүргізді.     Мысал  ретінде     Алакөл  ауданының Қамысқала  селолық округін    келтіруге  болады. Ағымдағы жылдың 10 айында бұл округте  бірде-бір қылмыс  тіркелмепті.

«Біз   жергілікті әкімдікпен,   мектеп  әкімшілігімен,    қоғамдық бірлестіктермен,  оның ішінде - ақсақалдар  алқасымен,   әйелдер кеңесімен  және  жастар одағымен      тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз.  Ауылда  барлық    дерлік тұрғын  жұмыспен қамтылған.  Тұрғындар бірін-бірін  бұрыннан біледі,   бөтен адамдар   болмайды.  Өзара кикілжіңдерге де себеп жоқ»,  дейді    селолық округтің  аға   учаскелік  инспекторы  Бағдан Қабдылов.

Форум  аясында ұйымдастырылған  «дөңгелек үстел»  отырысы аяқталғаннан кейін,  үшжақты топтың     бірінші  жылдағы жұмысының  қорытындысы    шығарылды.  Барлық аудан   облыс әкімі  Серік Үмбетовтің алғыс  хатын  алды. Іле ауданы КазЦИК  селолық   округінің жұмысы     үздік  деп танылды.  Талдықорғанның Еркінсай  және Өтенай   селолық округтері мен   Панфилов ауданының  Қоңырөлең  округі    жақсы көрсеткіштерге  қол жеткізді.   Сондай-ақ   Балқаш, Алакөл және  Жамбыл  аудандарының  селолық округтері де көзге түсті.

Еліміздегі  келісім мен  тыныштық ахуалын  әрі  қарай     бекітуге  бағытталған  үшжақты топтардың жұмыстары әрі   қарай   жалғасын   таппақ.