Алматы облысында ауыр жүк көліктеріне 30 млн теңге айыппұл салынды
Бұл көрсеткіш алда еселеп артуы мүмкін. Қазір өңірде "Ауыр салмақты автокөлік" атты акция өтіп жатыр. Шара жаздың соңғы күніне дейін жалғасады. Өйткені мемлекет салған жолдар ауыр жүк тиеген көліктердің кесірінен осы мезгілде тез бүлінеді екен. Көлік инспекциясы заңбұзушылықтарды жылжымалы тексеру бекеті арқылы анықтап жатыр.
«Ауырсалмақты автокөліктердің көбі кешкі сағат 8-ден кейін жүре бастайды. Құқықбұзушылықтар сол уақытта анықталады. Төлқұжаттарына 36-37 тонна деп жаздырып алады да, жүк тиейтін салмағымыз солай дейді. Негізі ол жерде үш ойыстық болғандықтан, тек 25 тонна ғана рұқсат етілген»,- деді Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Айдар Нұрымқожин.