Алматы облысында автокөлік айдап әкеткен екі жас жігіт жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды
Жол-көлік оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында 22 наурыз күні болды, «Фольксваген Пассат» көлігі супермаркет ғимаратына соғылған.
Еңбекшіқазақ АІІБ шұғыл тергеу тобы және жол полициясы оқиға орнынан бір адамды ауруханаға жеткізді. Автокөлік салонында болған қалған екеуі сол жерде қаза болды. Алдын ала тергеу барысында аман қалған көліктің иесі болып шықты, ал қайтыс болғандар айдап әкетушілер. Олар автокөлік иесінің аяқ-қолдары байлып, артқы орынға тастаған. Айдап әкеткен автокөлікпен «түнгі серуен» кезінде күдіктілер тізгінге ие бола алмай, жол-көлік оқиғасына ұшырады.
Күш көрсетіп, автокөлікті заңсыз тартып алу фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Қайтыс болған күдіктілердің есімдері анықталды. Екеуі де 18 және 21 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары болып табылады.