Алматы облысында әйел 3 баласымен иіс тиіп уланып қалды

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысында әйел 3 баласымен иіс тиіп уланып қалды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы облысына қарасты Тасқарасу ауылында қатты отынмен жанатын пеш ақауы салдарынан 39 жастағы әйел мен оның 8, 9 жастағы қыздары және жаңа туған ұлы иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.