Алматы облысында әйел адам өзінің он үш жастағы жиен сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі
16:31, 18 Наурыз 2013
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған Текелі қаласының тұрғынын ұстады - ол өзінің он үш жасар жиен сіңлісіне қатысты жеңгейтайлық жасау және оны жезөкшелікпен айналысуға еліктіру жөнінде күдіктеліп отыр.
Бұған қоса, екі саунаның әкімшілеріне қатысты, олардың жас қыз балаларды жыныстық қызметтер көрсету мақсатында ұстағаны жөніндегі күдік бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Анықталған фактілер бойынша тергеулер жалғасуда. Күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат беру» бұлтартпау шарасы таңдалды.