Жергілікті тұрғындар шұңқырдың ішінде 2 сағаттан астам уақыт қалып қойған әйел адамды өздері шығарып алған. Артынша дәрігерлер келіп, зардап шегушінің денсаулығын тексерген.
«Азаматша ауруханаға жатқызылмады. Аяқ-қолы ғана сәл сырылған. Бүгін Бақтыбай ауылының әкімдік өкілдері ол кісінің үйіне барып, жағдайын білмек болып еді азаматша үйінде болмай шықты. Қазір люктің беті жабылды», - деді Ескелді аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Шоқан Асылханов.