Оқиға Алматы-Бішкек тас жолының 27-шақырымында сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түні болған.
Жол көлік оқиғасы болған жерден 38 жастағы әйелдің және оның нәрестесінің мәйіті табылды. Адамдарды қаққан азамат апат орнынан бой тасалаған.
Сарапшылар оқиға орнынан табылған пластмас бөлшектердің «Мазда СХ-7» көлігінің фрагменттері екенін анықтады. Жедел іздестіру барысында көлік жүргізушісінің кім екені анықталып, күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қаскелең қаласының тұрғыны адам қаққанын мойындап, түсініктеме бере бастады.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылған.
Фото: ntv.ru