Алматы облысында азық-түлік өнімдерін өндіретін зауыт салынып жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Қапшағай қаласында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы Заречный ауылдық округіндегі азық-түлік өнімдерін өндіретін  зауыттың  құрылысымен танысты. 13,5 га алаңға орналасатын зауыт тәулігіне 90 тонна тамақ өндіруге қауқарлы болмақ. Қазіргі кезде мұнда жер тегістеу ісі аяқталып, геодезиялық жұмыстар, сыртқы электр, су және кәріз жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы сметалық құны 6,4 млрд. теңге. Зауыт шығарылған өнімдерін Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз, Қытай елдеріне экспортқа шығаратын болады. Облыс әкімі А. Баталов мұндай аса ірі инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін, алдағы уақытта зауыт учаскесінің шекарасына дейін табиғи газ жеткізілетінін айтты.