Соттың медициналық сарапшылары жәбірленушінің өлімі миы шайқалуы мен 18 қабырғасының сынғанынан алған травматикалық шок салдарынан болғанын растады.
«Жәбірленуші - шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жалданып жүрген 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жедел шаралар барысында оның жақын таныстары тексеріліп, зейнеткерді қатігездікпен ұрып-соқты деген күдікті ер адам ұсталды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмысқа қатысты делінген күдікті азамат 1981 жылғы ауыл тұрғыны ұсталды. Адамның өліміне келіп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды. Күдікті ер адам Шелек полиция бөліміне қамауға алынды.
«Тергеу барысында егде жастағы ер адамды ұрып-соғуға не себеп болғаны анықталады. Күдікті азамат қылмысты ішімдікке мас күйінде жасағаны белгілі болды», - деп атап өтті ІІД-нен.