Алматы облысында баласын өлтірген әке ұсталды
19:02, 27 Наурыз 2013
ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер кісі өлтіруде күдікті 78 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынын ұстады.
Есік қаласының ауруханасына жеткізілген Көктебе-1 ауылының 37 жастағы тұрғыны есін жимастан көз жұмды. Ол кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатының салдарынан мерт болған.
Ер адамның өліміне күдікті ретінде Еңбекшіқазақ АІІБ-не марқұмның әкесі жеткізілді. Ол өз кінәсін мойындады. Анықталғандай, марқұм болған ұлы араққа салынған, оның кезекті рет туыстарын соққыға жығуы жанжалдың туындауына, ал оның соңы әкесінің пышақтауына соқтырған.
Қылмыс қаруы алынып, ол ҚР ҚК-нің 103 бабы, 3 бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарына тіркелді. Ұсталған ер адамның жасына байланысты одан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды.