Оқиға 14 шілде күні 15 сағат 40 минутта Балқаш көлінің «Жетісу» демалыс аймағының жағалауында болған.
«Осы кезде Алматы облыстық ТЖД құтқарушылары жағалауда патрульдеу жүргізген. Олар суға батып бара жатқан баланы байқап қалып, жағаға жеткізді. Жүрек пен жасанды тыныс алу арқылы тыныс алуды қалпына келтірді. Содан соң баланы жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды», деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Анықталғандай 2011 жылы туған қыз бала ата-анасымен демалыста жүрген. Олар - Талдықорған қаласының тұрғындары.