Алматы облысында баптистер шіркеуінің шатыры өртенді

АСТАНА.  Тамыздың  25-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Алматы  облысының Текелі ауданында христиан евангелистері-баптистер  шіркеуінің  шатыры  өртенді,      306 шаршы метр  ауданды  өрт   шалды.


 Оқиға салдарынан  құрбан болғандар мен   зардап шеккендер жоқ,   деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Өрт       облыстық  төтенше жағдайлар департаменті  өрт сөндіру қызметінің күшімен  сөндірілді.   Өртті сөндіруге   жеке құрамның 25 адамы мен  9 техника  жұмылдырылды.