Алматы облысында барлық деңгейдегі әкімдер есеп беруді бастады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдардың халықпен есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылдың 6 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Алматы облысында жыл сайынғы дәстүр бойынша ауылдар мен ауылдық округтердің, аудан әкімдерінің халықпен кездесуі басталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, содан кейін облыстағы аудан және қала әкімдері есеп беруді бастайды. Облыс әкімі Серік Үмбетовтің халықпен есеп беру кездесуі ағымдағы жылдың ақпан айына жоспарланып отыр.