Алакөл аудандық соты айыпталушылардың әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған азаматтар 400 000 теңге мөлшеріндегі параны Алматы облысының Ішкі аудит департаментінің маманына аудиттік тексеруге оң қорытынды жасау үшін берген.
Осы маман да 4 жыл 6 айға пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды.