Жемқорлық картасында өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына әсер ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың атына халық тарапынан қоғамдық резонанс пен сын көп түсетін 3 бағыт айқындалған.
Олардың арасында денсаулық сақтау, білім және жер қатынастары бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Бекіновтың айтуынша, проблемалық мәселелерді шешу үшін осы бағытқа мониторинг жүргізу басталды.
Мысалы, жер қатынастары саласындағы алдын ала деректер бойынша Алматы облысының ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатына заңсыз өзгеріс және оларды сегменттеу белгіленді.
Денсаулық сақтау жүйесі бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары шеңберінде медицина мекемелерінің шарт міндеттемелерін орындамауы байқалады.
Бұл медицина қызметтері сапасының төмендеуіне әкеледі.
Білім беру саласында тиісті бақылаудың болмауына байланысты мектептердегі алымдарға шағымдар жиілеп кетті.
Ж ыл басынан бері агенттіктің Call-орталығына Алматы облысы бойынша осындай 40-қа жуық өтініш келіп түскен.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті биыл 9 айында 99 сыбайлас жемқорлық фактісін тіркеді.
65 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 13 түрлі дәрежелі басшылар бар.