Алматы облысында бір күнде 120 адам коронавируспен ауруханаға түсті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 413 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 112 жағдай, Талғар ауданында - 51, Қарасай ауданында – 31, Еңбекшіқазақ ауданында – 28, Алакөл ауданында – 27, Ұйғыр ауданында – 25, Іле ауданында – 22, Қаратал және Көксу аудандарында 21 жағдайдан, Панфилов ауданында – 13, Текелі қаласында – 12, Ескелді, Жамбыл, Кербұлақ аудандарында 10 жағдайдан, Сарқан ауданында – 9, Балқаш ауданында – 7, Қапшағай қаласында 4 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 564 адам емделіп шықты. Өңір «қызыл» аймақта.

«4-кқпандағы жағдай бойынша өңірде 1101 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 120 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 39,6 %. Жансақтау бөлімінде 19 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,7 % құрайды (280 жатын орын). Соңғы 3 күнде 10146 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 944 354. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2159. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 868 311. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 2590 адам.