Алматы облысында бір отбасының үш адамы коронавирус жұқтырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Өрікті ауылының 3 тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24, 23 жəне 16 жастағылар бір отбасының мүшесі. Олар - бұған дейін инфекция табылған 51 жастағы пациенттің туыстары.

Қазір аталған тұрғындар Еңбекшіқазақ ауданаралық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

23 сəуір күнгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында індет жұқтырғандар саны 68 болды.