Алматы облысында бір отбасының үш мүшесін өлтірген күдікті ұсталды
19:49, 27 Наурыз 2018
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында бір отбасының үш мүшесін өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысының Ішкі істер департементінің баспасөз қызметі аталған оқиғаның болғанын растады. Олардың мәліментінше, қазір осы фактіге байланысты ҚР ҚК 99 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында бір үйден үш әйелдің мәйіті табылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Марқұм болған жандар бір отбасының мүшелері. 1930 жылғы кейуана, оның 1967 жылғы қызы және 1994 жылғы жиен немересі бірнеше жерінен алған пышақ жарақатынан көз жұмған.