Алматы облысында бір пациент коронавирустан жазылды
13:00, 10 Сәуір 2020
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 61-ге жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 30
Алматы қаласы – 27
Ақтөбе облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы - 1
Павлодар облысы - 1