Алматы облысында бизнесмендер қызылша саласына 300 млн теңге инвестициялады
«Атамекен» ҰКП директоры Ләззат Шыңғысбаев хабарлағандай, шағын бизнес субъектілеріне де Облыс әкімдігі 300 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Өңірде кредиттеу операторы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ.
Жобаның ашықтығы мен оны одан әрі сәтті іске асыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер өтінімін кредиттік комитет қабылдайды, мүшелері - облыстың бизнес-қауымдастық өкілдері.
«Қарыз алушылар - қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруашылық қожалығының өкілдері. 75 млн теңгеге 20 өтінім қаралды. Барлығы да мақұлданды», - деді ол.
Регламент бойынша сыйақы ставкасы жылдық 6 пайызды құрайды, жылдық тиімді сыйақы ставкасы - кемінде 6,7 пайыз. Кредит 4 жыл және 6 айға дейінгі мерзімде беріледі. Қарызды ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір, жылына бір рет өтеуге болады.
Шағын кердиттеу бағдарламасының басты ерекшелігі кепіл ретінде жер учаскесін, тұрғын үй құрылысы, басқа да жылжымайтын мүліктің қаралуы.
Бір аптадан кейін шаруалар қаржыны ала алады деп күтілуде.