Алматы облысында болған боранның құрсауында қалып қойған 11 адам құтқарылды

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Алматы облысында болған боранның құрсауында қалып қойған 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, қазіргі кезде Үшарал-Достық тас жолын қардан тазалау үшін «Қазақавтожол» мекемесінің арнайы техникасы жұмылдырылып отыр. Кеше Алматы облысында кешқұрым ауа райының бұзылуына байланысты Үшарал-Достық тас жолының 83-інші және 122-інші шақырымындағы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қоюына байланысты Төтенше жағдай және жол полициясы департаменттері арнайы шешім қабылдады. Аталған жол учаскесінде болған боранның салдарынан 10 автокөлік қардың құрсауында қалып қойды. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорынның техникалары жол учаскесін қардан тазалап, 10 автамашинаны алып шықты,