Алматы облысында браконьерден тауешкінің еті мен екі мылтық тәркіленді
01:24, 22 Қазан 2020
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер браконьерден тау ешкінің еті мен екі мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Браконьер» жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылған.
Соның аясында Райымбек ауданының полицейлері Талғар ауданының 36 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Марк-2» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде көліктің ішінен тау ешкісінің еті және екі ойық аңшылық мылтық табылып, тәркіленді.Олар сараптамаға жіберілді. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қолхатпен босатылды.