Облыс сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, лауазымды тұлға бола тұра К. Төлепбердиев жер учаскесін бергені үшін азамат С-дан 370 000 теңге көлемінде пара алған.
Соттың 2015 жылғы 10 тамыздағы үкімімен К. Төлепбердиев ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігінде (едәуір деңгейде пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды.
Оған жеке мүлкін тәркілей отырып, алпыс есе сома көлемінде (22 200 000 теңге) айыппұл төлеу жазасы кесілді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.