Алматы облысында бүтін бір отбасы жоғалып кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бес адамнан тұратын отбасы жоғалып кетті. Олардың іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты қоғам белсендісі Ислам Угушев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның жазуынша, 41жастағы Андрей мен 39 жастағы Наталья Чурулиндер және олардың үш баласы -Ангелина (12 жаста), Давид (9 жаста) және Даниил (7 жаста) жоғалып кеткен. Барлығыныңесту қабілеттері нашар. Отбасы4 тамыздан бері байланысқа шықпаған.

«Тұратын жерлерінде ешкім есік ашпайды,көршілері де отбасының қайда екенін білмейді. Ерекше белгілері - ересектер мен балалардың бәрі мылқау,ымдасып сөйлеседі. Бір жаққа кететіндерін айтып ескертпеген. Әйелі мен күйеуі35-40 жас шамасында. Бойлары ұзын. Денелері ірі. Шаштарының түсі ашық», -деп жазды ол.

Чурилиндер отбасытуыстарымен соңғы рет 3 тамызда сөйлескен. 4 тамызда әлеуметтік желіге кірген.Отбасының жақындары Алатау ауданының полициясына жүгінген.

Алматы полициясы отбасының іздестіріліп жатқанын растады.

«Жоғалған отбасы туралы арыз Алатау аудандық полициябөліміне кеше кешкісін түсті.Дереу жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамында аудандық және қалалықдеңгейдегі криминалдық полиция өкілдері бар. Қазіргі уақытта техникалыққұралдарды қолдана отырып, отбасының болжамды орналасқан жері анықталуда. Олардың дін аман екеніне сенімдіміз. Туыстарының айтуынша, отағасы мен оның отбасы мүшелерітаза ауда серуендегенді жақсы көреді.Мүмкін олар Алматы облысының аумағына демалуға кетіп, туыстарына ескертужасауды ұмытып кеткен шығар. Қалай болғанда да, оқиға жақсы аяқталатынына үміттенеміз.Анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар