«4 мамыр күні 1985 жылғы науқас Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасына түсті. Жағдайы өте ауыр болды. Жүргізілген емнің нәтижесінде әйелдің жағдайы жақсарып келеді. Жансақтаудан жалпы бөлімшеге ауыстыру жоспарлануда», - делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүтін бір отбасының 5 мүшесі белгісіз заттан уланып, қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Мерт болғандардың ішінде әкесі және 4 баласы бар. Ал жалғыз аман қалған балалардың анасы қазір ауруханада жатыр.