Алматы облысында бюджеттік сала қызметкерлеріне арендаға коттедждер беріле бастады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан қаласында 10 отбасы қоныс тойын тойлауда.

Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған арендалық коттедждер берілді.

Олардың арасында жас мамандар, көпбалалы аналар, мүгедектер, бюджет саласының қызметкерлері - дәрігерлер мен мұғалімдер бар.

Әр үйдің жалпы аумағы 80 шаршы метрден астамды құрайды.

Сарқан ауданының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл үйлердің құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 80 млн.-нан астам теңге жұмсалды.