Алматы облысында дамбының шайылуы салдарынан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында дамбының шайылып кетуі салдарынан Лесновка ауылының 2 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, кеше, маусымның 22-сі күні түскі сағат үш жарымда Панфилов ауданы Лесновка ауылында Өсек өзеніне құятын су көлемінің шамадан тыс артуынан дамбы шайылып кетіп, 327 үйі бар Лесновка ауылының барлық 2187 тұрғыны дереу Жаркент қаласына көшірілді.

Қазір өңірде ТЖМ-ның 19 адамы мен 17 техникасының күшімен апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.