35 жастағы жігіт ауруханада есін жимастан көз жұмды. Анықталғандай, Үшарал қаласындағы дәмханалардың бірінде екі жігіт сөзге келіспей қалған.
«Жігіттің біреуі кафеден шыға берісте бірінің иығынан итеріп жіберген. Содан соң екеуі далада төбелесіп, соңы адам өлімімен аяқталған», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Алакөл ауданының полицейлері оқиға орнына келіп, күдіктіні бейнебақылау камерасының көмегімен анықтады. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жалғасуда.