Алматы облысында демалыс орнында болған атыс бойынша сот басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле аудандық сотында атысқа байланысты сот процесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, осы іс бойынша бірінші сот процесі өтті.

Куәгерлерді іске шақыртуға орай келесі сот отырсы 15 маусымға шегерілді.

«Айыпталушы орындығында 6 сотталушы бар. Оның барлығы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни, «бұзақылық» бойынша сотталып жатыр» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 31 қазанында Іле ауданындағы демалыс орындарының бірінде атыс болды.

Байсерке ауылындағы осы бұзақылық салдарынан екі адам жараланды.

Сол сәттегі оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.