Алматы облысында екі адам иіс тиіп уланды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі адам иіс тиіп уланды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысының Қарабұлақ кентінде 22 қаңтар күні Пушкин, 80 көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан 1970 жылғы ер адам мен 1975 жылғы әйел иіс тиіп уланып, оқиға орнында жантәсілім етті.