Полиция қызметкерлері 1980 жылы туған күдіктіні анықтап, оны «ізі суымай» қолға түсірді. Ол өлтірілгендердің туысы болып шықты.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, оқиға орнына жеткен Алматы облыстық ІІД-нің жедел-тергеу тобы мен Ескелді ауданының полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылардың денелерінде көптеген пышақ жарақаттары барын анықтады.
Қылмыскер ұрлық үшін бұған дейін де бірнеше рет (6-7 рет) істі болған. Өз кінәсін мойындаған оның сөзіне қарағанда, қылмыс бүгін таңертең, жекеменшік тұрғын үйдің жазғы асханасында ұрыс-жанжалдан кейін жасалды.