Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Ал күдіктілерді тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.
Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.
13 мамыр күні сағат 18:35 шамасында аялдамада екі әйел кәмелет жасына толмаған қызды ұрып, содан кейін таксиге мініп қашып кеткен.
Алдын ала болжам бойынша тараптар арасында кикілжің болуы мүмкін.
«Қазір 16 жастағы қыз Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл факті Іле ауданының полициясында тіркелді. Қазір күдіктілерді жедел іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр» делінген ведомствоның хабарламасында.