«1996 жылғы азамат Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр, миы шайқалғанғ оң жақ иығына, арқасына, бел омыртқасына зақым келген»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 10:00 шамасында жантүршігерлік көлік апаты болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады.