Алматы облысында екі шенеунік 1,8 млн. теңге пара алу кезінде ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысындағы жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері екі шенеунікті қылмыс үстінде ұстады.

Төңкеріс кентінің жанында ақшалай қаражатты алу кезінде Талғар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы мен басшысы ұсталды. Шенеуніктер ауылшаруашылық өндірушісі үшін көмек қаржыны ұсыну қызметін 1 800 000 теңгеге бағалаған.