10:21, 31 Наурыз 2009
Алматы облысында екі жасар бала суға кетті
АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Кеше Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Сартоғай шатқалында екі жасар бала суға батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға Шарын өзенінде, баланың аяғы тайып, суару арығына құлап кеткен кезде болған. Баланың денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.