Атап айтқанда, сенбі күні Алматы облысы Талғар ауданының Нұра ауылында «Субару» көлігі 73 жастағы кейуананы қағып кетті. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, қария ауруханада көз жұмды.
Сондай-ақ, кеше Алматы-Талғар тас жолының 9-шы шақырымында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі 28 жасар бойжеткенді қағып кетіп, жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.