Тағы екеуі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Облыстың ІІД-інің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Райымбек ауданында «Кеген-Нарынқол» таулы күрежолында «Жигули» автомашинасы Митсубиси Галант» автомоашинасымен соғылысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Жигулидің» екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, Шетелдік маркалы автомашинаның екі жолаушысы Кеген ауылының ауруханасына жеткізілді.
Осындай оқиға «Алматы-Астана» күрежолында да тіркелді, 163-шақырымда Исузу-Аска автомашинасының жүргізушісі көктайғақ салдарынан қаржы бетке шығып кетіп, «Даф-Тратеур» автомашинасымен соқтығысты. Исузу-Аска жүргізушісі мен жолаушысы ЖКО орнында қаза болды.
Қазіргі кезде екі оқиға бойынша Алматы облысы ІІД-нің тергеу қызметкерлері және жол полициясы алдын ала тексеру жүргізуде. Жол-көлік оқиғасында қаза болған Исузу-Аска автомашинасының жүргізушісі кім екені әзірше анықталған жоқ.