«Бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада есін де жимастан көз жұмды. Сотталушы сотта кінәсін толықтай мойындады. Қатты өкінді, кешірім сұрады», - деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметінде.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.