Орталықтағы әрбір жәдігердің өз тарихы бар. Олардың қай-қайсысы да Елбасының балалық шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір белестерін танытады. Қорда Президенттің 90-ға жуық жеке заттары, 250-ден астам түрлі кітап бар. Жәдігерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры, кітапханасы мен музейі, ҚР Президенті Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ұлттық академиялық кітапхана тарапынан ұсынылды.
23:33, 28 Қараша 2017
Алматы облысында Елбасының 90-ға жуық жеке заттары қойылған орталық ашылады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Тұңғыш Президент күніне орай 35 жаңа нысан ашылады. Соның ішінде ең айтулысы - 1 желтоқсанда Қарасай ауданының Шамалған ауылында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.