Екі қарулы ер азамат ерекше қорғалатын аумақта жабайы аңдарды заңсыз ату кезінде қолға түскен. Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкерлері олардан 308-ші калибрлі «ЧЗ-550» карабинін, 12-ші калибрлі МР-153 ұңғылы мылтығын тәркіледі. Ұсталғандар Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 337 бабы, 3-ші бөлігіне сәйкес заңсыз аң аулау фактісі бойынша сот алды тергеу басталды. Еліктің еті биологиялық сараптамаға жөнелтілді.
Полицияның хабарлауынша, күдіктілер 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе осындай мерзімге бостандығын шектеу жазасы қолданылады.