Алматы облысында еліміздегі ең ірі күн электр стансасы салынуда
11:48, 11 Қыркүйек 2018
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қапшағай қаласы маңында қуаты 150 МВт-тық Қазақстандағы ең ірі күн электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жобаның 1-ші кезеңі 2019 жылдың I-тоқсанында, ал 2-кезеңі III-тоқсанында аяқталып, іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орнатылып жатқан құрал-жабдықтардың басым бөлігі Германияда өндірілген. Құрылысқа 500 адам жұмылдырылған. Нысан іске қосылғанда 26 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.