Алматы облысында енесін ұрды деген күдікпен ер адам ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарланғандай, егде әйелді соққыға жыққан күдікті ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап іздеуде болған.

«Қаскелең қаласының тұрғындарының бірі жергілікті полицейлерге 32 жастағы күйеу баласына қатысты шара қолдану өтінішімен жүгінген. Соққы салдарынан әйел көзінен айырылған. Іздестіру жарияланған күдіктіні полицейлер кеше көрші ауданнан ұстап, Қарасай АІІБ-ге жеткізді», деп хабарлады облыстық ІІД.

Қазіргі уақытта шағымданушының күйеу баласы қамауға алынды. Қарасай АІІБ қылмыстық істі тергеуде.