Алматы облысында ер адам мұз астына кетіп мерт болды
08:35, 28 Ақпан 2012
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні, сағат 13.05-те Алматы облысының Сарқанд ауданында 37 жастағы ер адам абайсызда мұздың астына түсіп кетіп, қаза болды.
Қайғылы оқиға Басқан өзенінде болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. Оның денесі судың бетіне ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 8 адамы мен 1 техникасының күшімен бір сағаттан кейін шығарылды.